Барлығы: адам зорлау - 1 (ашылды), ұрлық - 3 (екеуі ашылды), тонау - 1 (1), 2 есірткі қылмысы (екеуі де ашылды), оның ішінде есірткі сатудың бір фактісі тіркелді.
2011 жылдың 13 желтоқсанында «Арна-2011» жедел алдын алу шарасы аясында арнайы операция жүргізу барысында Қандыағаш қаласында Есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының қызметкерлері «кептірілген марихуана» есірткі затының 5,04 грамын өткізген Ақтөбе қаласының 1979 жылғы азаматын құрықтады. Жеке тінту кезінде одан «Сату» деген жазуы бар 3000 теңге ақша табылды. Оны уақытша оқшаулау абақтысына қамау туралы мәселе шешілуде.