Өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақтанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 15 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ аталмыш дерттен өткен тәулікте18 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 88927 адам ауырып, 5353 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 82719 адамды құрап отыр.