Өткен тәулікте 17 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 17 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 9

Алматы қаласында - 5

Алматы облысында - 2

Қарағанды облысында - 1 адам.

Жалпы ел бойынша ауырған адам саны 1305521 болды.

Сондай-ақ, Қазақстанда өткен тәулікте 11 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 2

Алматы қаласында - 5

Алматы облысында - 2

Шығыс Қазақстан облысында - 1

Қарағанды облысында - 1 адам ауруынан сауығып шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1291055 адам.