Өткен тәулікте 228 науқас пневмониядан жазылды
09:01, 19 Ақпан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 ақпандағы коронавирустық инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 ақпанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 60 жағдайы тіркелді және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 228 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 48 887, 605 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40 101 жетті.