Өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
09:54, 31 Мамыр 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 4 адамнан коронавирус анықталды.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 750 жетті.
Сонымен қатар өткен тәулікте Қазақстанда 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.