Олардың 1 мың 600 оқиғасы кісі өлімімен аяқталған фактілер, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап.
Соңғы бірнеше күннің ішінде вирустың «географиясы» кеңейе түсті. Атап айтқанда, Ирландияда алғаш рет А тұмауынан кісі өлімі тіркелді. Елдің ауруханаларында осы вирусты жұқтырған 18 адам жатыр.
Ал кеше Иракта дәрігерлер елде А тұмауынан адамның қайтыс болуының алғашқы оқиғасын тіркеді. Қазіргі уақытта Иракта «доңыз тұмауын» жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелген, оның 39 фактісі Иракта орналасқан американ әскери контингентінің жауынгерлерінің ішінде орын алып отыр.