Өткен тәулікте Алматы облысында 176 адамнан коронавирус анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 176 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 68281 жағдай тіркелген, оның ішінде 51895 жағдай симптомдарымен.
«Соңғы екі аптаны салыстыру кезінде облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0.6%-дан (28.01-03.02) 0,3% - ға (04.02-10.02) дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш-0,4% , Іле-0,4 % , Қаратал-0,6%, Көксу-0,4%, Сарқан-0,5% , Талғар-0,4% аудандарында және Талдықорған қаласында-0,4% байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 176 жағдайы тіркелді, оның ішінде 136 симптомдық (77,3%) және 40 симптомсыз (22,7%) жағдай»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Алакөл-6, Еңбекшіқазақ-13, Ескелді-10, Жамбыл-12, Іле-9, Кебұлақ-4, Кеген-1, Қарасай-10, Қаратал-11, Көксу-15, Панфилов-11, Сарқан-7, Талғар-18, ұйғыр-2, Талдықорған-34, Текелі-11, Қапшағай қаласында 2 жағдай анықталған.