Соның ішінде Талдықорған қаласында 60 жағдай, Талғар ауданында - 30, Қаратал ауданында – 17, Кербұлақ ауданында – 14, Қарасай ауданында – 13, Ұйғыр ауданында – 11, Панфилов ауданы мен Текелі қаласында 10 жағдайдан, Алакөл ауданында – 8, Ескелді ауданында – 6, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында 5 жағдайдан, Жамбыл және Сарқан аудандарында 3 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ өткен тәулікте 327 адам емделіп шықты. Өңір «қызыл» аймақта. «7-ақпандағы жағдай бойынша өңірде 1050 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 74 адам түсті.
Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 37,7 %. Жансақтау бөлімінде 19 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,7 % құрайды (280 жатын орын). Соңғы 3 күнде 6973 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 951 656. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3347.
Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 871 423. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 562 адам.