Өткен тәулікте Алматы облысында 224 адам коронавирустан жазылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 224 адам коронавирустан жазылып шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір «сары» аймақта.

«Өткен тәулікте Алматы облысында 70 адам КВИ жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Талдықорған қаласында 27 жағдай, Текелі қаласында – 12, Талғар ауданында – 9, Қаратал ауданында – 6, Алакөл ауданында – 5, Ескелді және Кербұлақ аудандарында 3 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында 2 жағдайдан, Ұйғыр ауданында 1 жағдай тіркелді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

14-ақпандағы жағдай бойынша өңірде 710 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 27 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 25,5 %. Жансақтау бөлімінде 20 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 7,1 % құрайды (280 жатын орын).

Соңғы 3 күнде 5162 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 971 157. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2181. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 881 917. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 557 адам.