11 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 210 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 35, келіп түскені – 149
Инфекциялық стационарларда 475 адам бар. (Төсек-орын 1348 )
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 32 адам жатыр.
Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1257 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1187 науқас. 70 адамда коронавирус белгілері жоқ.