деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Ізі суымай ашылған қылмыстың 11-і «Боран» шолғыншы қызметінің жұмысының нәтижесі. Ашылған қылмыстардың көпшілігі осы қызметтің нәтижесінде жүзеге асырылатыны белгілі. Шолғыншылар қылмыс орнына бірінші болып жетіп, алғашқы тексеру, іздестіру жұмыстарын жасайды», дейді қалалық ІІД-нің патрульдік полиция полкының командирі Серік Кененбаев. Оның айтуынша, Алматыда өткізіліп жатқан «Тәртіп сақтау» шарасы барысында да «Боран» шолғыншы қызметі жоғары дәрежеде үлес қосып отыр. Алматыда қазіргі кезде тәртіп сақтауға күнделікті 400 патрульдік полиция қызметкері мен 113 көлік, 7 «Гранит» жылжымалы пункті мен 7 «Мираж» түнгі іздестіру тобы жұмылдырылады.