Өткен тәулікте Алматыда 75 адамнан коронавирус табылды
30 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 75 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 21, келіп түскені – 30
«Инфекциялық стационарларда 135 адам бар (төсек-орын - 894). Оның ішінде 4 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 29 адам жатыр.
Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 395 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 368 науқас. 27 адамда коронавирус белгілері жоқ.