Өткен тәулікте Астанада екі адам суға кетті - ТЖМ

СТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Астанада екі адам суға кетіп мерт болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

Қайғылы оқиғалардың бірі Алматы ауданындағы Ақбұлақ өзенінде кешкі сағат 8 жарымда орын алды. Суға кеткен 21 жастағы азаматтың денесі ТЖМ суда-құтқару қызметінің жеке құрамдағы 4 адамы мен 1 техниканың күшімен шығарылды.

Сондай-ақ осы күні кешке, Сарыарқа ауданы Есіл өзеніне 31 жастағы азамат батып кетті. Оның денесін су бетіне шығаруға ТЖМ-ның судан-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.