«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 30 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 307 жұмыскер шықты. «Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 21 106 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 12 100, өзге мекемелер 8606, «Астана көгалдандыру құрылысы» 400 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» компаниясының хабарламасында.
16 қазан мен 30 желтоқсан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 992 450 текше метрді құрайды. 13 қазаннан 30 желтоқсан аралығында құм-тұз аралас қоспаның 12 296,5 текше метрі шашылды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.
Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады: Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты; astana.gov.kz әкімдік сайты Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:
Facebook www.facebook.com/astana109/ Instagram www.instagram.com/astana109/ Telegram-каналhttps://t.me/astana109112