Бейсенбі, 31 мамыр күні Ақтөбе облысындағы Ырғыз көліне шомылу кезінде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ-нің 5 адамы мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.
Сол күні Алматы облысындағы Қараой кентінің маңында 4 жасар бала абайсызда көлге құлап, суға батып кетті. Оның мүрдесін судан оқиға куәгерлері шығарды.