Ведомство баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, ақпанның 8-і күні Шымкент қаласында «БМВ» автокөлігін мінген 20 жастағы жүргізуші 27 жастағы қызды қағып кеткен, жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды.
Сондай-ақ Жамбыл облысы Т.Рысқұлов атындағы ауданды басып өтетін «Алматы-Ташкент» автожолының 459-шы шақырымында «Ауди» және «Фольксваген» көліктерінің соқтығысуы орын алды. Апатта үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Ал Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы Балқаш тау-металлургиялық комбинаты көпірінің аумағында «Мазда» көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші көліктің аударылуына жол беріп, оның салдарынан 19-21 жас аралығындағы төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.