Өткен тәулікте елде 10 адам, соның ішінде 7 бала иіс тиіп уланды

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елде 10 адам, соның ішінде 7 бала ысты газға уланып, ауруханаға түсті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Пештің ақауы салдарынан орын алған оқиғалардың бірі Астана қаласында, әуежайдың 4-інші шақырымындағы саяжайлық жер үйде болды. Ауруханаға 1, 6 және 7 жасар үш бала жеткізілді.

Ал Алматының Шаңырақ-2 шағынауданында бүтін бір отбасы иіс тиіп уланды. 7 адам, соның ішінде жаңа туған нәресте, 1 жасар - екі, 2 жасар - бір сәби көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жатқызылды.