деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Маусымның 1-і күні түнгі сағат 00:30-да «Алматы-Ташкент» автожолының 447-ші шақырымында «Фольксваген» көлігі 38 жастағы азаматты қағып кетіп, оқиға салдарынан жүргінші мерт болды.
Сондай-ақ осы күні ОҚО Сайрам ауданында, Пушкин мен Әмір Темір көшелерінің қиылысында «Ауди» көлігі 13 және 3 жастағы екі қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған екі бала да ауруханада көз жұмды.