деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Оның ішінде криминалдық полиция желісі бойынша 11 қылмыстың 9- ы, қоғамдық орындарда жасалған 1 қылмыс ашылды, делінген баспасөз хабарламасында.
12 қаңтарда 12.30 сағатта Астана стансасындағы Желілік ішкі істер басқармасына 1976 жылы туған Е. есімді Астана қаласының жеке кәсіпкері арызданып келеді. Ол Астана қалалық темір жол вокзалының жаңа ғимаратының екінші қабатында орналасқан дүңгіршекте жалданып сатушы болып істеген Моңғолияның 1991 жылғы И. есімді азаматына қатысты қандай да бір шара қолдануды өтінді. Аталған азамат дүңгіршек иесінің сеніміне кіріп, жалпы құны 37095 теңгенің мүлкін ұрлап кеткен. Ұсталған күдікті азамат кінәсін мойындады.