Өткен тәулікте Қазақстан жолдарында бес адам қаза тапты, олардың ішінде бір бала бар

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте ел аумақтарындағы жолдарда 5 адам мерт болды,

 олардың ішінде   бір бала бар.  Сондай-ақ 4 адам  түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті,  деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

 Атап айтқанда,  «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында  «Фольксваген» және   «Ауди» көліктері соқтығысып  қалды.    Оқиға салдарынан «Аудидің» екі ересек  жолаушысы мен  1 жасар  бала   оқиға  орнында көз жұмды.   «Аудидің»   тағы бір жолаушысы    түрлі  жарақатпен  ауруханаға   жеткізілді.

 «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 74-ші шақырымында сәрсенбі күні таңертең сағат 9.00-де  «Нива»  және  «Хонда» көліктері  соқтығысып  қалды.   «Ниваның» 58     жастағы жолаушы әйелі  сол жерде мерт болды.  Екі  жолаушы мен 5 жасар бала ауруханаға   түсті.

 Сондай-ақ кеше  түнде Таразда,  Желтоқсан және  Ташкент  көшелерінің  қиылысында  «ВАЗ» және  «Мерседес» көліктері  соқтығысып қалып,  оқиға  салдарынан  «ВАЗ-дың 40 жастағы жолаушысы  опат болды.