Өткен тәулікте Қазақстанда 107 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 107 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ аталмеш дерттен 97 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап елде 54944 аам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 893 адам осы дерттен қайтыс болды, жазылып шыққандар саны - 51020.