Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева осындай мәлімет келтірді.
«Бүгінде қазақстандықтар арасында вакцинацияға деген ұмтылыс пен белсенділік артып отыр. Соңғы тәулікте бірінші компонентпен 88 мыңнан астам адам екпемен қамтылса, екінші компонентті 46 мыңнан астам адам салдырған.
Соңғы мәліметтер бойынша, бірінші компонентпен қамтамасыз етілген халық саны 3 335 172 болса, екінші дозамен 2 млн 596 адам егілді», - деді орталық директорының орынбасары.
Аталған шарада Айнагүл Қуатбаева коронавируспен ауырғандарға вакцина салуға болатын мерзім екі есе, яғни 6 айдан 3 айға дейін қысқартылғанын айтқан болатын.