Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясы 48 адамнан анықталды, 2 адам қайтыс болып, 24 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері ауырғандар саны 40197 адамды құрады, 420 адам қайтыс болып, 29580 адам жазылып шықты.