Жалпы, 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ ) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Мәселен, 1 қаңтарда вирус - 115 адамнан, 31 желтоқсанда 181 адамнан анықталған еді.
Пандемия басталғалы елімізде аталған індет 1 403 328 адамда тіркелді, қайтыс болды 13 695 науқас. Коронавирус белгілері бар пневмонияға 90 599 адам шалдықты, көз жұмды 5 363 науқас.