Атырауда Жайық өзенінде балық аулау кезінде 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткен. ТЖ түнгі үш кезінде орын алған. Оның мәйіті судан сенбі күні күндіз облыстың ТЖД күштерімен шығарылды.
Батыс Қазақстан облысында абайсызда еріген қар суы толы жыраға құлап кеткен 12 және 9 жасар екі бала мерт болды. Қайғылы оқиға таңертең Ақжайық ауданының Бударино ауылында орын алған. Мәйіттерді судан жергілікті тұрғындар алып шықты.