Өткен тәулікте КІІД қызмет көрсету аумағында 8 қылмыс тіркелді

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде КІІД қызмет көрсету аумағында 8 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

Оның ішінде криминалдық полиция желісі бойынша - 8 қылмыс, оның ішінде ашылғаны - 6. Сондай-ақ 3 оқиға тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» бөлімшесінің 1970 жылғы жолсерігі 9 желтоқсан күні «Маңғышлақ-Астрахань» жолаушылар пойызы тұрағында қызметтік купеден сары металдан жасалған екі сырға мен бір сақинаның жоғалып кеткені жайлы арызданып келді. Келтірілген шығын анықталуда. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіу шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақтау қаласының 1979 жылы туған У. есімді азаматшасы құрықталды.