Өткен тәулікте Көліктегі ішкі істер департаменті қызмет көрсететін аумақта 21 қылмыс тіркеліп, оның 19-ы ашылды

None
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Көліктегі ішкі істер департаменті қызмет көрсететін аумақта 21 қылмыс тіркеліп, оның 19-ы ашылды,

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мәселен, Атырау стансасы желілік ішкі істер бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының қызметкерлері «Барьер 2011», «Канал 2011» жедел-алдын алу шаралары барысында «Ташкент-Санкт-Петербор» бағытымен жүретін №384 жолаушылар пойызынан Өзбекстан Республикасында тұратын 1967 жылы туған ер азаматты ұстады. Оның жеке заттарын қарау кезінде салмағы 1,44 грамм болатын есірткі заты табылып, тәркіленді. Оның үстінен ҚР ҚК 259 бабының 1-1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.