Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –9 қыркүйекте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 372 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 228, 316 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 546 жетті.