Өткен тәулікте коронавирус қай өңірде көп анықталды
08:23, 01 Тамыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2414 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 947,
Алматы қаласында - 464,
Шымкент қаласында – 18,
Ақмола облысында – 101,
Ақтөбе облысында – 12,
Алматы облысында - 44,
Жетісу облысында - 42,
Атырау облысында - 41,
Шығыс Қазақстан облысында - 8,
Абай облысында - 35,
Жамбыл облысында - 71,
Батыс Қазақстан облысында - 40,
Қарағанды облысында - 367,
Ұлытау облысында - 17,
Қостанай облысында - 26,
Қызылорда облысында - 52,
Маңғыстау облысында - 18,
Павлодар облысында - 55,
Солтүстік Қазақстан облысында - 27,
Түркістан облысында - 29.
Айта кетейік, сенбі күнгі тәулік ішінде коронавирус 2713 адамнан анықталған еді.
Жалпы пандемия басталғалы аталған инфекцияға елімізде 1 352 594 адам шалдықты.