Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте 162 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан елімізде 104 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен науқастанғандар саны 43935 адамды құрады. Сондай-ақ 464 өлім тіркеліп, 31468 қауіпті вирустан сауығып шықты.