Өткен тәулікте ҚР-да иіс тию салдарынан екі әйел көз жұмды - ТЖМ

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте ҚР-да иіс тию салдарынан екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Жексенбі, 22 қаңтар күні Астана қаласының Сарыарқа ауданында, қатты отынмен жанатын пеш ақаулығы салдарынан жеке тұрғын үйде 66 жастағы әйел иіс тиіп, оқиға орнында қайтыс болды.

Сол күні Жамбыл облысының Жаңатас қаласында қатты отынмен жанатын пеш ақаулығы салдарынан жеке тұрғын үйде иіс тиіп, 57 жастағы әйел көз жұмды, ал 31 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.