үкімет әскерінің бір жауынгері қаза тапқанын хабарлады. ҚазАқпарат бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Ең үлкен қақтығыс Ауғанстанмен шекаралас өңірде орын алған, онда шекара күзетінің жауынгерлері бір ұрыстың барысында 16 тәлібтің көзін жойған. Сват алқабында болған ұрыстардың барысында бес содыр өлтірілген, 10 адам тұтқынған алынған.
Пәкістан армиясы елдің Сват алқабында бекініп алған «Талибан» жасақтарына қарсы әскери операцияны осымен екінші ай бойына жүргізіп келеді. Үкімет әскерлерінің қарулы шабуылдарының барысында аумақ тәлібтерден анағұрлым тазартылып отыр, операциялар барысында «Талибанның» 1,3 мыңдай содырының көзі жойылған.
Халықаралық гуманитарлық ұйымдар әскери әрекеттердің салдарынан Сват ауданы мен оған жақын маңдағы жерлерді 2 миллиондай бейбіт тұрғынның тастап кеткеніне үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр.