Өткен тәулікте республика аумағында екі дала өрті болды - ТЖМ

None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика аумағында екі дала өрті болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Мәселен, түскі сағат 12. 30-да Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Семияр ауылдық округінің Ой-Қарағай-Мұқатай кентінде 320 гектар далалы алқап өртке оранды.

Тілсіз жаумен күреске облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 4 техникасы, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты" Мемлекеттік мекемесінің 73 адамы мен 32 техникасы, жергілікті 10 тұрғын мен олардың 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт толығымен бүгін, таңертеңгі сағат 6-да ауыздықталды.

Сондай-ақ, осы күні кешқұрым, Ақтөбе облысы Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінің 200 гектар жері өртенді.

Жалын облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 4 техникасының күшімен 8 сағаттан кейін сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінен анықтағандай, екі жағдайда да құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.