Өткен тәулікте республика бойынша 6 адам газбен уланды

АСТАНА. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика бойынша 6 адам газбен уланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елорданың Алматы ауданындағы жеке үйдегі пештің ақаулығы салдарынан төрт адам көмір түтінен уланды, зардап шеккендердің арасында 2 жасар сәби де бар. Олардың барлығына да ауруханада дәрігерлік көмек көрсетілуде.Дәл осындай жағдай Таразда да орын алған. Оның салдарынан 39 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмса, 34 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.