Өткен тәулікте республика бойынша үш адам суға кетті, олардың екеуі ? балалар
13:49, 30 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика бойынша үш адам суға кетті,
олардың екеуі ? балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл ауылының тұрғыны Шалқар көлінде балық аулап жүрген кезінде суға батып кеткен. 70 жастағы азаматтың денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты. Ал Алматы облысының Қаратал ауданындағы Өтенай ауылында жергілікті тоғандардың біріне шомылып жүрген кезде 9 және 8 жасар екі бала суға кеткен. Олардың денелерін судан туыстары алып шыққан.