Жексенбі, тамыздың 29-ында кешке Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шомылып жүрген жерінде 15 жасар жасөспірім суға батып кетті. Баланың денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.
Осындай қайғылы оқиғалар Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында тіркелді. Атап айтқанда, Семейде өзенге шомылып жүрген кезінде 9 жасар бала суға кетті. Құтқарушылар оның денесін екі сағаттан кейін тапты.