Өткен тәулікте республикада 7 адам көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республикада пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газына 7 адам уланды,

деп хабарлады бүгін, қаңтардың 29-ы күні ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Оқиғалардың бірі Астана қаласында Сарыарқа ауданының Шолохов көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде болды. Иіс тиіп улану диагнозымен бұл жерден ауруханаға үш азамат жеткізілген.

Тараз қаласындағы «жер үйлердің» бірінде орын алған осындай келеңсіз жағдайдың салдарынан 4 азамат ауруханаға түсті.