Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» автожолында (40-65 шақырым) 13 бірлік техника (оның ішінде бір шағын автобус) мен 45 адам қар астында қалды. Ішінде адамдары бар автокөлік жолдың тазаланған бөлігіне шығарылып, Сарыөзек бағытына қарай жол жүріп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Осы учаскеде қар құрсауында 55-тей жолаушылармен 20-ға жуық жеңіл көлік, 16 адаммен «Setra» рейстік автобусы бар. Алтынемел ауданында 21-ге жуық жолаушымен 7 автокөлік, 11 адаммен жолаушылар шағын автобусы қардан шыға алмай қалды. Адамдары бар көлік таза жолға шығарылды да өз бағытымен әрі қарай кетті. Қазіргі кезде бұл ауданда қар құрсауында 25 шақты жолаушымен 11 техника бірлігі бар.
Ақтөбе облысында Хромтау бағытына қарай 7 адаммен жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Облыстың ТЖД ӘТҚЖ күштері (5 адам, 1 техника бірлігі) жолаушыларды құтқарып, Хромтау қаласына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ «Ақтөбе-Хромтау» автожолында 30 адаммен (олардың ішінде 8 бала) көлік қардан шыға алмай қалды. Облыстың ТЖД ӘТҚЖ күштері (5 адам мен 1 бірлік техника) жолаушыларды құтқарып, Хромтау қаласына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе қ. мен Россовхоз кенті арасындағы автожолда қар астында жеңіл көлік пен 4 жолаушы (1 жолаушыға медициналық көмек қажет) қалды. Облыстың ТЖД «ЖҚЖ» ММ күштері (3 адам, 1 бірлік техника) оларды құтқарып, Россовхоз кентіне жеткізді, зардап шеккен адамға жедел медициналық көмек шақыртылды.
"Шұбарқұдық-Кеңқияқ" автожолында қар құрсауында 3 адаммен жеңіл автокөлік қалып қойды. Облыстың ТЖД өрт сөндіру қызметтері (4 адам, 1 бірлік техника) оларды құтқарып, Шұбарқұдыққа жеткізді.
"Қарабұтақ-Комсомол" автожолында 18 адаммен 5 автокөлік қардың астында қалды. Облыстың ТЖД қызметінің (2 адам, 1 бірлік техника) және «Қазақавтожол» РМК күштері жолаушылармен автокөлікті аман-есен құтқарып, Қарабұтақ кентіне жеткізді.
Қызылорда облысында «Қызылорда-Жезқазған» автожолында (203 шақырым) 65 жолаушымен 23 автокөлік қардан шыға алмай қалды. Облыстың ТЖД судан құтқару қызметінің (3 адам, 1 бірлік техника) және «Қазақавтожол» РМК күштері (8 бірлік техника) автомобильдерді таза жолға шығарды, олар әрі қарай жолға шықты. Зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысында «Ақсу-Аюлы-Ақадыр» автожолында Қарасаз ауылында 25 адаммен (олардың ішінде 2 бала) 8 автокөлік қар құрсауында қалды. Облыстың ТЖД (3 адам, 1 бірлік техника) және «Ғимарат» ЖШС (1 бірлік техника) оларды таза жолға шығарып, көліктер әрі қарай бағытын жалғастырды, зардап шеккендер жоқ.
"Алматы-Екатеринбург" автожолында (Балқаштан 72 шақырым) көктайғақ салдарынан 4 жүк машинасы мен автобус жол жиегіне шығып кетті, соның салдарынан автожолда 3 шақырым аралықта автокөлік кептелісі орын алды. Облыстың ТЖД (3 адам, 1 бірлік техника), «Қазақавтожол» РМК (2 бірлік техника) күштері және Балқаш қ. полициялары (5 адам, 3 бірлік техника) автокөліктерді жолға шығарып, қозғалысты қалпына келтірді. Зардап шеккендер жоқ.
Қалың қардан адамдарды құтқару үшін жалғасып жатқан жұмысқа Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 13 адам, 3 бірлік техника, «Қазақавтожол» РМК 5 бірлік техникасы тартылды.