Өткен тәулікте ШҚО-да қар құрсауынан 150-ден астам адам мен 51 техника құтқарылды - ТЖМ

None
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 150-ден астам адам мен 51 техника шығарылды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, сәуірдің 1-і күні Павлодар және Екібастұз қалаларының Шұғыл-құтқару жасақтары «Зайсан-Шілікті» автожолының бойында қар құрсауында қалып қойған 3 адам мен 1 техниканы, «Зайсан-Майқапшағай» күре жолынан 150 адам мен 50 техниканы құтқарды.

Сондай-ақ ТЖМ-ның таратқан ақпаратына сәйкес, кеше Қатонқарағай ауданының аумағында қар көшкінінің алдын алу мақсатында 11 700 текше метр көлемде жасанды көшкіндер түсірілген, олар «Белое-Чаловка» және «Сөгір-Печи» автожолдарын жауып қалған. Аталмыш жолдарда қозғалыс уақытша шектелді, тазарту жұмыстары жүргізілуде.