Өткен тәулікте ШҚО-да көлік апаттарынан төрт адам ажал құшты
13:52, 27 Қазан 2015
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы жолдарында орын алған көлік апатынан төрт адам қаза тапты.
Кеше таңертең Бозанбай-Өскемен күре жолының 3-ші шақырымында "ВАЗ 2105" көлігі аударылды. 29 жастағы көлік жүргізушісі рульді басқа алмай қалған. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушының өмірі қиылды.
Сол күні кешке Тарбағатай ауданында 50 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "ЗАЗ-1102" көлігі аударылды. Апат салдарынан 49 жастағы жолаушы көз жұмды. Жүргізуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Еске салсақ, бірнеше күннен бері облыс жолдарында көктайғақ байқалады.