Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысының аумағында 28 өрт болды - бес адам қаза тапты
олардың салдарынан 5 адам мерт болып, тағы бір адам токсикология бөлімшесіне жедел жеткізілді, деп хабарлады аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Кісі өлімі болған барлық өрт оқиғалары пәтерлер мен жеке үйлерде орын алды. Атап айтқанда, бүгін түнде Казачье селосында жек тұрғын үйлердің біріндегі өртті сөндіру кезінде қатты күйік шалған 67-69 жастағы екі адамның денелері табылды. Ал Риддтерде өрт сөндірушілер келгенше, көршілер өртеніп жатқан үйдің ішінен 38 жастағы үйдің иесінің денесін алып шыққан.
Шемонаиха ауданының Заречный кентінде жеке үйлердің бірінде өрт сөндіру кезінде 30 жастағы үй иесінің күйік шалған мәйіті табылды. Ал түнде Семей қаласында бесқабатты көппәтерлі үйде пәтер өртеніп, оқиға орнын тексеру кезінде өрт сөндірушілер 55 жастағы ер азаматтың денесін және еденде ессіз жатқан жас әйелді тапты. Әйел қалалық аурухананың токсикология бөлімшесіне жедел жеткізілді, жағдайы ауыр.
Департамент баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс аумағында болған барлық 28 өрт оқиғасына адамдардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырттық танытуы себеп болған.