Өткен тәулікте суға кеткен 3 адамның денесі табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте суға кеткен 3 адамның денесі табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сенбі күні, 11 тамызда Атырау қаласында 10 тамызда Жайық өзеніне батып кеткен 19 жасар жасөспірімнің денесі табылды. Мәйітті 11 тамызда 08 сағат 10 минутта Атырау облысының ТЖД судан құтқару қызметінің 3 адамнан құралған жеке құрамы мен 1 бірлік техникасы судан шығарып алды.

Петропавлда Есіл өзенінен өткен тәулікте суға кеткен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды, оның денесін шығарып алуға Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жұма күні, 10 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Маятас елді мекенінің маңында суға шомылу кезінде 1985 жылғы ер адам Бадам су қоймасына батып кетті. Оның денесі 11 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 бірлік техникасының күшімен шығарылып алынды.