Өткен тәулікте үш адам суға кетті - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА.  Шілденің 28-і.  ҚазАқпарат -   Республика тоғандарында  өткен   тәулікте  үш  адам суға  батып  кетті,

деп   хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда,   Қызылордада  Шикерлі    арнасында   кеше,  шілденің 27-сі күні сағат  18.50-де     суға шомылу кезінде  екі адам:  41 жастағы  ер  азамат пен 32 жастағы  әйел  суға батып  кеткен.    Олардың денелерін    судағы құтқару  қызметтері  іздестіруде.

Кеше сондай-ақ,  сағат 20.38-де   Қызылордада,  Сырдария өзенінде    22 жастағы жігіт   суға кеткен.     Оның  денесін  судан   құтқарушылар  алып  шықты.