ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, үш адамның өмірін қиып кеткен ірі апат Түркістан қаласында «Шымкент-Самара» автожолының 189-шы шақырымында «Ауди» және «Фольксваген» көліктерінің қатысуымен орын алды. Оның салдарынан екінші көліктің бір жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етсе, тағы екеуі, оның ішінде 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Төртінші жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.
Сондай-ақ осы күні Атырау облысы Мақат ауданы «Атырау-Құлсары» күре жолының 147-ші шақырымында «Ниссан» және «КрАЗ» көліктері соқтығысып, оның салдарынан жеңіл көліктің 54 жастағы жүргізушісі апат орнында қаза тапты.
Ал Қызылорда облысы Арал ауданы «Арал-Жақсықылыш» тас жолының 3-ші шақырымында «Опель» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оның аударылуына жол берген. Нәтижесінде жүргізушінің өзі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.