Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 12 адам зардап шекті, соның ішінде 4 адам қаза тапты - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Шілденің  27-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте   жол-көлік оқиғаларында    12 адам зардап шекті, cоның ішінде  төрт  адам қаза тапты,

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Алматыда Шемякин және  Беляков көшелерінің  қиылысында,  шілденің 26-сы күні сағат 21.00-де  «Дэу» автобусының    жүргізушісі   жаяу  жүргіншіні  қағып  кетеді.    Зардап шегуші оқиға  орнында көз жұмады.

Кеше сондай-ақ  сағат 17.30-да  Петропавл-Астана тас жолының 217-ші шақырымында  «Тойота»  және  «Ауди» жеңіл көліктері соқтығысып қалып,     жапон көлігінің   жүргізушісі  оқиға орнында көз  жұмады,  тағы үш  адам түрлі  жарақатпен  ауруханаға  түседі.

Алматы облысында   Алматы-Өскемен  тас жолының 40-шы шақырымында да кеше сағат 14.00-де  жол  апаты  орын алды.    «Мицубиси»  көлігінің  жүргізушісі   ағашқа соғылып,  оқиға салдарынан       оның 21 жастағы жолаушысы  көз жұмады.

Ал Самара-Шымкент     тас жолының 354-ші  шақырымында кеше сағат  13.00-те «Фольксваген»     көлігінің  жүргізушісі    көлігін  аударып  алып,    оқиға салдарынан    жүргізуші көз  жұмады,   екі жолаушы ауруханаға түседі.

Маңғыстау  облысында  Ақтау-Жетібай  жолының 75-ші шақырымында сағат 13.30-да  «Мазда»  және  «Ниссан»  көліктері соқтығысып   қалып,   оқиға  салдарынан  «Мазданың»  жүргізушісі мен екі  жолаушысы ауруханаға    түсті.