Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 3 адам қаза тапты

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте жол-көлік оқиғаларында 3 адам қаза тапты,

деп   хабарлайды Төтенше жағдалар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Шілденің 30-ы күні   сағат 02.00-де Алматы-Талғар-Есік  тас жолының 32-ші шақырымында «БМВ»  жеңіл көлігі ағашқа  соғылып,  оқиға салдарынан    26 жастағы жүргізуші  көз жұмды.   Тағы екі адам ауруханаға  түсті.

Ал  Атырау облысында Атырау-Астрахань тас жолының 180-ші шақырымында   сағат  15.45-те   «Тойота»  көлігі мен  «Урал»  мотоциклі  соқтығысып,     оқиға   орнында мотоциклшы     көз   жұмды.

Кеше сондай-ақ,  Қарағанды  қаласындағы  Методическая көшесінде, кешкі сағат 20.00-ларда  «Скутер»  мопеді мен  «Мазда» жеңіл көлігі соқтығысып,     оқиға   салдарынан  скутерді айдаған  24 жастағы      бойжеткен    жедел  жәрдем жеткенше  көз жұмды.