Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының Мичурино ауылында Шаған өзеніне суға түсу кезінде 27 жастағы жігіт батып кетті. Суға кеткен жігіттің мәйіті ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды (4 адам мен 1 техника).
Ақмола облысының Целиноград ауданы Қабанбай батыр атындағы ауылда Нұра өзеніне суға түсу кезінде 45 жастағы әйел адам батып кетті. Суға кеткен адамның мәйіті судан «ОААЖҚЖ» ММ күшімен табылып, судан шығарылды (3 адам мен 1 техника).
Атырау облысының Атырау қаласы Жұмыскер ауылында Жайық өзеніне суға түсу кезінде 15 жастағы жасөспірім батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ Атырау облысының судан құтқару қызметінің күшімен табылып, шығарылды.
Атырау облысының Атырау қаласында Жайық өзеніне суға түскен екі жасөспірімнің ажалы да судан болды. Олардың мәйіттері судан ҚР ТЖМ Атырау обылысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды (3 адам мен 1 техника).
Қостанай облысы Федоров ауданы Александрополь ауылында қазаншұңқырға суға түсу кезінде 14 жастағы жасөспірім батып кетті, оның мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.