Өткен желтоқсан айында еліміздің ірі және орта кәсіпорындарына, ұйымдарға 45,2 мың адам жұмысқа қабылданды

None
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына, ұйымдарға 45,2 мың адам жұмысқа қабылданып, 61,6 мың адам жұмыстан кетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға ағымдағы жылғы желтоқсан айында 45,2 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 61,6 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында, өз еркі бойынша босатылғандар 73,7 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты - 3,3 пайызды, ал басқа себептер бойынша - 23,0 пайызды құрады. Сонымен бірге, былтырғы желтоқсан айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 1,5 пайызды құраса, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,1 пайызды, ал кадр тұрақсыздығы - 1,6 пайызды құрады. Есепті кезеңде жұмыстан босатылған қызметкерлердің 73,4 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды», делінген агенттік таратқан ақпаратта.