«2023 жылдың қорытындысында шамамен 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық түзілді. Оның 24 пайызы қайта өңделді. Әкімдіктердің ақпараты бойынша еліміздегі 207 қала мен ауданнан бөлек әртүрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинау 130 елді мекенде енгізілді. 2023 жылы республикада қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының саны — 3016. Оның ішінде экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетіні — 624 ғана», — деді министр.
Оның дерегінше, өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 5 534 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталды. Әкімдіктер оның 86 пайызын жойды.
«Құқық қорғау органдары, әкімдіктер және басқа да мүдделі тараптармен бірлескен жұмыс нәтижесінде соңғы 4 жылда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері санының азаю байқалады. Ел бойынша полиция және экология департаменттері қызметкерлерінен құралған мобильді топ 63 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін (экология департаменттері 2022 жылы 194 лауазымды тұлғаны жалпы сомасы 17, 8 млн теңгеге, 2023 жылы 152 лауазымды тұлғаны жалпы сомасы 17, 3 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартты», — деді Ерлан Нысанбаев.