Еліміздегі шипажайлардың дені Түркістан облысында орналасқан

АСТАНА. KAZINFORM –  Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың соңына қарай елімізде 175 емдеу-сауықтыру ұйымы жұмыс істеген. Оның ішінде 115 – шипажай, 26 – оңалту орталығы, 25 – мамандандырылған санаторий және басқа да мекемелер, сондай-ақ 9 профилакторий.

Фото: «Қазақстан» шипажайы

«Мұндай мекемелердің ең көп саны Түркістан облысында — 75, Алматы қаласында — 12 және Ақмола облысында — 11. Шипажайлар мен профилакторийлердің жалпы санының 24% мемлекет меншігінде. Ал, санаторлы-курорттық ұйымдарда 672 дәрігер жұмыс істесе, орта медициналық персонал саны 2 210 адамды құрады» - делінген хабарламада. 

Шипажайларда барлығы 413 мыңнан астам адам демалған. Оның ішінде 243 мың әйел, 785 - резидент еместер. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8,9% артық.

2023 жылы сауықтыру орнында демалушылар орта есеппен 10 күн өткізген.